aitil

Құпиялылық саясаты

Күшіне енген күні: 2026 жылғы 4 қараша

aitil – қазақ тілін үйретуге арналған оқу платформасы. Біз оқушылар туралы тек оқуға қажетті ең аз деректерді жинаймыз, оларды жарнамаға пайдаланбаймыз және ешкімге сатпаймыз.

1. Деректерді кім өңдейді

Платформаның иесі және деректерді өңдеуші – Қазбек Сағидолда (бұдан әрі – «біз»). Байланыс: sagidolda.q@gmail.com, WhatsApp: +7 708 214 1226.

2. Қандай деректер жиналады

  • Тіркелу кезінде: аты, тегі, сыныбы, қаласы (ауылы), мектебі, логин және құпиясөз. Құпиясөз ашық түрде сақталмайды, тек шифрланған (хэштелген) түрде сақталады.
  • Оқу барысында: қай нұсқаны орындағаны, әр сұраққа берген жауабы, бірінші не екінші мүмкіндікте дұрыс жауап бергені, тесттің басталған және аяқталған уақыты.
  • Мұғалім туралы: электрондық поштасы.
  • Браузерде: тіл, тақырып (жарық/қараңғы), орындалып жатқан тесттің барысы және кіру сессиясы оқушының өз құрылғысында (браузердің жергілікті жадында) сақталады.

Біз ЖСН, телефон нөмірін, мекенжайды, фотосуретті немесе геолокацияны жинамаймыз.

3. Не үшін

  • оқушыға тест тапсыруға, нәтижесін және дағдылары бойынша есепті көруге мүмкіндік беру;
  • мұғалімге өз сыныбындағы оқушылардың нәтижесін көріп, оларға көмектесуге мүмкіндік беру;
  • оқушының қателері бойынша жеке жаттығулар құрастыру;
  • платформаның жұмысын жақсарту (жалпыланған, жеке адамды анықтамайтын түрде).

4. Келісім

Платформаға кәмелетке толмаған оқушылар тіркеледі. Сондықтан тіркелу кезінде оқушы ата-анасының (заңды өкілінің) келісімі бар екенін растайды. Тіркелу тек мұғалім берген сынып коды арқылы мүмкін. Ата-ана келісімін кез келген уақытта кері қайтарып, деректерді өшіруді сұрай алады (7-бөлімді қараңыз).

5. Деректерді кім көреді

  • Оқушының өзі – тек өз деректерін.
  • Оқушы тіркелген сыныптың мұғалімі – сол сыныптағы оқушылардың аты-жөнін, сыныбын, қаласын, мектебін және нәтижелерін. Басқа сыныптардың деректері мұғалімге көрінбейді.
  • Платформаның иесі – техникалық қызмет көрсету үшін.

Бұл шектеулер деректер қорының деңгейінде орнатылған: бір оқушы екінші оқушының деректерін көре алмайды.

6. Деректер қайда сақталады

Деректер Supabase қызметінің Еуропадағы (Германия, Франкфурт) серверлерінде сақталады. Сайттың беттері GitHub Pages қызметі арқылы көрсетіледі, қаріптер мен кітапханалар Google Fonts және jsDelivr арқылы жүктеледі: бұл қызметтер браузердің IP-мекенжайын техникалық тұрғыдан көреді. Барлық байланыс шифрланған (HTTPS) арна арқылы жүреді.

7. Деректерді өшіру және сіздің құқықтарыңыз

Оқушы, ата-ана немесе заңды өкіл:

  • сақталған деректермен танысуды;
  • қате деректерді түзетуді;
  • аккаунтты және барлық нәтижелерді толық өшіруді сұрай алады.

Ол үшін мұғалімге немесе бізге sagidolda.q@gmail.com поштасы арқылы хабарласыңыз. Өтінішті 10 жұмыс күні ішінде орындаймыз. Мұғалім оқушыны кабинеттен өзі де өшіре алады: аккаунт және оның барлық нәтижелері біржола өшіріледі.

8. Сақтау мерзімі

Деректер аккаунт өшірілгенге дейін сақталады. Қажеттілігі болмаған аккаунттар (мысалы, оқу курсы аяқталғаннан кейін) біздің шешіміміз бойынша немесе өтініш бойынша өшіріледі.

9. Өзгерістер

Бұл саясат жаңартылуы мүмкін. Маңызды өзгерістер болса, ол туралы платформада хабарлаймыз. Жаңа нұсқа осы бетте жарияланған күннен бастап күшіне енеді.